Air Astana акциясы бүгін Астана уақытымен 15:55-те 612,15 теңгеге саудаланды. Бұл компанияның 2024 жылдың 15 ақпанында IPO-ға шыққаннан бергі ең төменгі баға.

Осылайша отандық монополист әуе тасымалдаушысының акциясы бір күнде -1,37%, бір аптада -1,88%, бір айда -2,66%, бір жылда -13,17%, ал IPO-ға шыққалы бері -41,25% құлдырады.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша компания 10,6 млрд теңге таза шығынға батты, ал былтыр алғашқы үш айда таза шығын 3,8 млрд теңге болған.