«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) құрылғалы бері ел бюджетіне 55 млрд теңге сомасында салық төледі. Олардың 50%-ға жуығы тек 2022 жылы төленген болатын. Алайда жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы бизнес-орта құру мақсатында АХҚО компаниялардың кейбіріне салықтық преференциялармен қамтамасыз етеді. АХҚО қатысушыларын қолдау және тарту департаментінің директоры Жанна Диярова Орталықта қандай компаниялар салықтық жеңілдіктерге ие бола алатындығын жеткізді.
АХҚО-да салықтық преференциялар дегеніміз не?
АХҚО салықтық преференциялары дегеніміз – қаржы орталығының қатысушы компанияларға ұсынатын салықтық жеңілдіктері. Оларға корпоративтік табыс (КТС), жеке табыс (ЖТС), және қосылған құн салықтарын (ҚҚС) төлеуден босату және АХҚО-ға инвестициялардан түсетін кірістер бойынша жеңілдіктер кіреді. Бұл ретте салықтық жеңілдіктер компанияның қызметіне тікелей тәуелді және жеңілдіктер көбіне реттелетін қаржылық қызметті, нарықтық жұмысты жүргізетіндерге немесе көмекші қызметтер көрсететіндерге бағытталған.
ЛИЦЕНЗИЯЛАУҒА ЖАТАТЫН АХҚО ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ
РЕТТЕЛЕТІН ҚЫЗМЕТ
Активтер мен инвестицияларды басқару компаниялары, сақтандыру, исламдық қаржы, банк, брокер, мәмілелерді ұйымдастыру және инвестициялық кеңес беру, ұйымдастырылған сауда платформасының қызметтері және тағы басқалар
НАРЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Биржаның қызметі, клиринг және есеп айырысу, цифрлық активтер саудасы платформасын басқару, краудфандинг және басқа компаниялар
КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТТЕР
Заңгерлік, аудиторлық, бухгалтерлік, консультациялық және несиелік бағалау қызметтері
ЛИЦЕНЗИЯЛАНБАЙТЫН ҚЫЗМЕТ
БАСҚА ТҮРЛЕРІ
IT компаниялар, холдингтер, маркетингтік қызметтер, білім беру саласындағы қызмет, т.б.
Қатысушыларға қандай салық жеңілдіктері ұсынылады
Қаржылық қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша КТС және ҚҚС жеңілдіктері
Жанна Диярова АХҚО қатысушылары, цифрлық активтер биржаларын қоспағанда, қаржылық қызметтер көрсетуден алынған КТС және ҚҚС төлеуден босатылатындар келесілер деп ескертті: «Ислам банкінің банктік қызметтері; қайта сақтандыру және сақтандыру брокерлік қызметтері; инвестициялық қорлардың активтерін басқару қызметтері. Сондай-ақ АХҚО, Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінің бірлескен актісімен айқындалатын брокерлік немесе дилерлік, андеррайтингтік қызметтер секілді қаржылық қызметтер көрсететін компаниялар босатылады. Әрине бұл қызметтер тек АХҚО аумағында көрсетілгенде ғана қарастырылады».
Көмекші қызметтер көрсетуден түскен кірістер бойынша КТС жеңілдіктері
Директор: «АХҚО қатысушылары қаржы орталығының лицензияланатын қатысушылары мен АХҚО органдарына қызмет көрсеткен жағдайда заңдық, аудиторлық, бухгалтерлік, консалтингтік қызметтерден түсетін кірістер бойынша КТС төлеуден босатылады», – дейді.
Шетелдік қызметкерлерге салық жеңілдіктері қарастырыла ма?
«Егер шетелдік тұлға АХҚО қатысушысының немесе органының қызметкері болса, онда ол АХҚО қатысушысымен жасалған қаржылық және қосалқы қызметтер көрсететін еңбек шарты бойынша ЖТС төлеуден босатылады», деп атап өтті сала маманы.
Инвестициялардан түскен кірістер бойынша жеңілдіктер
Жеке және заңды тұлғалар екі жағдайда инвестициялар бойынша ЖТС және КТС төлеуден босатылады, деп түсіндірді маман: «АХҚО-ның кез келген қатысушысы үшін босату және AIX биржасындағы листингке байланысты босату. Бірінші жағдайда, егер жеке немесе заңды тұлға дивидендтер, АХҚО-ға қатысушы компаниядағы акциялар/қатысу үлестері бойынша құн өсімі түрінде пайда алса, онда мұндай табыстарға ЖТС және КТС салыну қарастырылмаған. Екінші жағдайда, егер дивидендтер, сыйақылар және құн өсімі түріндегі табыстар AIX биржасы ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздарынан шықса, босатуға кепілдік беріледі».
Жанна Диярованың айтуынша, екінші жағдайда «белсенді сауда-саттыққа» тесттен сәтті өту, яғни сауданың ең аз көлемі мен инвесторлар санының болуы қажет. Бұл «шартты» листинг жағдайларын болдырмау мақсатында жасалды, онда қағаздың болуына қарамастан, мұндай қағаздар бойынша мәмілелер уәкілетті нарықтан тыс өтуі мүмкін, осылайша Қазақстанның қаржы нарығының дамуына үлес қосылмай қалуы ғажап емес. Департамент басшысы аталған тест AIX биржасындағы бағалы қағаздар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарға ғана қолданылатынын атап өтті. Сыйақылар мен құн өсімі бойынша босату әсер етпейді.
«Жалпы алғанда, дивидендтер төлеу және капитал өсімі бойынша жеңілдіктерге қатысты салықтық преференциялар АХҚО-ның барлық қатысушыларына оның қызмет түріне қарамастан қолданылады. Айта кету керек, біз атап кеткен барлық салық жеңілдіктері 2066 жылға дейін жарамды», деп атап өтті жауапты маман.
Салық жеңілдіктерін есепке алу шарттары
Жанна Диярова КТС-тен қаржылық қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді босату мақсатында АХҚО қатысушылары Орталықтың қолданыстағы ережелеріне сәйкес бөлек салық есебін жүргізуі тиіс екенін атап өтті: «Егер лицензияланатын компания, мысалы, қаржылық қызметтен басқа IT-әзірлеумен де айналысатын болса, онда ІТ-әзірлеуден түсетін кірістер жалпы қабылданған шарттар бойынша КТС салық салынады: салық салынатын табыс сомасына КТС 20%. Тиісінше, КТС сомасын дұрыс есептеу үшін Орталыққа қатысушы бөлек есепке алу қағидаларына сәйкес кірістер мен шығыстардың бөлінуін сақтауға міндетті болады».
Лицензиялануға жатпайтын компания қандай салық төлейді
«АХҚО-ға қатысушы барлық компаниялар Қазақстанның салық резиденттері екендігін және салық есебін жүргізуге, сондай-ақ салық есептілігін тапсыруға міндетті болатынын есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, егер АХҚО қатысушысы лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейтін қызметті жүзеге асырса, онда мұндай компанияға жалпыға бірдей белгіленген салық режимі қолданылады», – деп толықтырды департамент басшысы.
АХҚО жұмыс істеген жылдары 2100-ден астам шетелдік және жергілікті компаниялар үшін жұмыс істеу алаңына айналды. Юрисдикция ұсынатын салықтық жеңілдіктер, әсіресе дивидендтер мен капитал өсіміне қатысты, холдингтік құрылымдарға деген сұраныстың көтерілуіне әсер етті.
АХҚО-ның 2019 жылдан бері қатысушысы Quantum Capital инвестициялық компаниясының атқарушы директоры Ахмет Бяшимов АХҚО-ның салық режимі компанияны тіркеу үшін юрисдикцияны таңдауда да маңызды рөл атқарғанын атап өтті, өйткені салық шығыстарын оңтайландыру кез келген компания үшін үлкен артықшылық саналады. Сонымен қатар, Quantum Capital компаниясының жақында төртінші CIS лицензиясын алуының және қорды АХҚО-ға тіркеудің негізгі драйверлерінің бірі компанияның клиенттері үшін салықтық оңтайландыруды ұсына бастау мүмкіндігі еді.
2022 жылдың жазында Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы есеп жариялады, онда АХҚО салық режимі салықтық ашықтықтың жаһандық стандарттарына және ЭЫДҰ-ның BEPS жоспарына сәйкес деп танылды. Бұл тану салық базасының бұлыңғырлануына және салық салудан жалтаруға қарсы күрес жөніндегі жаһандық стандарттарға сәйкестігін көрсетудегі АХҚО-ның маңызды көрсеткіші болды.
Салық жеңілдіктері бойынша толық ақпаратпен АХҚО ресми сайтында сілтеме бойынша танысуға болады https://aifc.kz/ru/tax-regime. АХҚО-да тіркелу және лицензиялауға қатысты барлық мәселелер бойынша байланыс орталығына келесі нөмір немесе электрондық мекен-жай бойынша хабарласа алады:
+7 7172 95 90 00