Astana International Exchange биржасында жаңа биржалық нота - iX Bitcoin Exchange Traded Notes листингтелді.
Биржалық ноталардың базалық активтері ProShares Bitcoin Strategy ETF ("BITO") акциялары. Бұл ноталарды биткоин фьючерстерінің динамикасын қадағалап отыратын ең ірі қорлардың бірі және BITO акциялары жалғыз активі саналатын iX Bitcoin SPC Limited арнайы мақсаттағы компания ("SPC") шығарады.
"АІХ-те ұсынылған жаңа биржалық қор қазақстандық инвесторларға өздерінің инвестициялық портфельдерін әртараптандыру және сұранысқа ең ие болып отырған цифрлық валютаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – инвесторлар өздерінің тәуекелдік аппетитіне сәйкес инвестициялық портфель құра алатындай өнімдердің желісін кеңейту», дейді AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров.
SPC базалық активтерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Райффайзенбанк банк-кастодиан, ал CROWE Kazakhstan - аудиторлық компания болып тағайындалды.
Ренессанс Капитал осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер ретінде болады.