Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке Қазақстанда еншілес банк құруға рұқсат берді.
ADCB – Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі банктерінің бірі. Банктің негізгі акционері – Абу-Даби Үкіметіне толығымен тиесілі Mubadala Investment Company PJSC инвестициялық компаниясы.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ADCB жиынтық активтері 210 млрд АҚШ долларынан астам, меншікті капиталы – 24 млрд АҚШ долларынан астам, жыл қорытындысы бойынша таза пайда – 3 млрд АҚШ долларынан астам құрады.
ADCB құрылатын банктің жалғыз акционері болады.
Жаңа банк банктік қызметтердің толық ауқымын ұсынады дәне «ислам терезесі» тетігі арқылы исламдық қаржыландыруды дамытуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін елдені Al Hilal ислам банкін осы ADCB сатып алып, атауы ABCB ислам банкі болып өзгерген.