2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 103,8%-ға орындалды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Жоспар бойынша 7 263,7 млрд. теңге, жоспардан 274,5 млрд. теңгеге ауытқумен 7 538,2 млрд. теңге түсті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға немесе 1 775,7 млрд. теңгеге өсті, оның ішінде:
- республикалық бюджет 100,4%-ға орындалып (жоспар бойынша 4 898,9 млрд.теңге, жоспардан 21,6 млрд. теңгеге ауытқумен 4 920,6 млрд. теңге түсті), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға немесе 1 319,2 млрд. теңгеге өсті;
- жергілікті бюджет 110,7%-ға орындалып (жоспар бойынша 2 364,8 млрд.теңге, жоспардан 252,9 млрд. теңгеге ауытқумен 2 617,7 млрд. теңге түсті), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға немесе 456,5 млрд. теңгеге өсті.
2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке ең көп түсімдердің өсуі мұнайға салынатын экспорттық кеден баждарынан 352,5 млрд. теңгеге немесе 1,9 есе, корпоративті табыс салығы 390,8 млрд. теңгеге немесе 44,9%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 171,5 млрд. теңгеге немесе 36,6%-ға, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 105,2 млрд. теңгеге немесе 22,7%-ға және пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 103,7 млрд. теңгеге немесе 46,8%-ға өскені байқалады.
Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.
«Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымды жылдың 9 айында негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнайға 64,5%-ға, мысқа 57,3%-ға, алюминийге 44,2%-ға, мырышқа 34,0%-ға, күміске 33,8%-ға, қорғасынға 19,7%-ға және алтынға 3,8%-ға. $ бағамы 1 теңгеге 3,9%-ға өсті. Мұнайға салынатын әкету кедендік баждары 24,3%-ға өсті (2020 жылдың 9 айында 1 тоннаға орташа мөлшерлемесі 37,2$, 2021 жылдың 9 айында 1 тоннаға 61,5$ құрады)», - бұл туралы МКК-де хабарлады.
Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 8,2%-ға өсті (экспорт 18,2%-ға өсті, импорт 9,3%-ға төмендеді).
2021 жылдың 9 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 28,7%-ға өсті (63 917 млрд. теңгеден бастап 82 293 млрд. теңгеге дейін).
Қосылған құн салығы түсімінің 40% құрайтын ірі салық төлеушілердің тауар айналымы 18,4%-ға өсті.
Көрсетілген кезеңге бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машинасынан орташа түсімі 11,8%-ға өсті (33,4 млн. теңгеден бастап 37,4 млн. теңгеге дейін өсті).