Биыл 3 наурызынан бастап бүгінге дейін банкроттыққа 70 мың өтініш келіп түсті. Оның 80 пайыздан астамы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды (56,4 мың өтініш). 

Негізгі себептері: жеке басында мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және  кредитормен борышты дұрыс реттемеу. 

Нәтижесінде, бүгінгі таңда 9 млрд теңгеден астам борыш сомасына 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.

Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1,2 мыңға жуық азамат жүгінген.

Дегенмен, жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр (кредитормен қарызды алдын-ала реттеу міндеттілігі, шетелге шығуға тыйым және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі кезінде ұзақ уақытқа төлем мерзімінің өтуіне байланысты). Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың дерекқорларындағы мәліметтердің өзектілігінің болмауына байланысты (дерекқорлардағы мәліметтердің толықтығы мен «тазалығы» үшін жауапты олардың иелері – мемлекеттік органдар болады) қолдана алмау фактілері де бар.

Осыған байланысты бүгінгі таңда заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  • соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту (сондай-ақ уәкілетті органның лицензияларынан айырылған, оның ішінде таратылған қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қосу);
  • азаматтарды соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттарды қоса беру міндетінен босату (қажетті мәліметтерді тиісті ұйымдардың дерекқорынан алу жоспарлануда);
  • төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау (қолданыстағы нормаларға сәйкес тыйым жоспарды орындаудың барлық кезеңіне – 5 жылға белгіленген).

Банкроттардың ең көп саны Алматы облысына (801), Жамбыл облысына (677) және Алматы қаласына (606) тиесілі. Ең аз банкрот СҚО-да (114) және Ұлытау облысында (41).

Банкрот деп танылған 6 411 азаматтың 674 млн. теңге сомасындағы берешегі бар 645 азамат АӘК алушылар.

Сондай-ақ 3 538 азамат (бұл барлық 6411 банкроттарының 50% - дан астамы) 5 жылдан астам төленбеген кредиттер бойынша банкрот деп танылды, олар бойынша 6,3 млрд. астам теңге есептен шығарылды.

Ең үлкен соманы Атырау қаласының тұрғыны көрсетті, арыз бойынша - 8 130 033 900 теңге, кредиттік бюро бойынша - 1 380 870,94 теңге.

Ең аз соманы Қызылорда облысының тұрғыны көрсетті, арыз бойынша 1 383 теңге, кредиттік бюро бойынша - 1 184 733,05 теңге.

Азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға арыз берген кезде берешектің дұрыс емес сомаларын көрсетті, бұл ретте, кредиттік бюро мәліметтеріне сәйкес, бұл азаматтарда қаржы ұйымдары алдындағы борыш сомасы басқа.

Анықтама: бүгінгі таңда несиелік бюролардағы сома есептен шығаруға жатады деп шешілді. Сонымен қатар, соттан тыс банкроттық рәсімінде жеке тұлғадан қарыз сомасын көрсетуді талап етпеу үшін жаңа нормалар пысықталуда, біз оны кредиттік бюроның деректерінен алатын боламыз.

Ең үлкен жастағы банкрот 79-да, ең жас банкрот 20 жаста, банкрот деп танылғандардың орташа жасы – 43.

Статистика бойынша банкрот еркектер әйелдерге қарағанда көбірек, 58%-ды құрайды.