2022 жылғы 23 желтоқсанда сағат 10:00-де электрондық аукциондар операторының сайтында: www.gosreestr.kz жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукцион өтеді, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
2022 жылғы 22 қыркүйекте электрондық аукционға шығарылған 41 учаскенің 34 учаскесі бойынша аукцион 23 желтоқсанда өткізілетін болады, ал қалған 7 учаске бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді.
Аукционға шығарылатын 34 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері шамамен – 2,1 млрд. теңгені құрайды.
Жер қойнауы учаскелерінің аукционға шығарылған мұнай қоры:
- АВС1 санаты бойынша (геологиялық/қайта алынатын): 22,9 млн. т./ 5,5 млн. т.;
- С2 санаты бойынша (геологиялық/қайта алынатын): 40,6 млн. т./ 11,5 млн. т.
Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Бұл үшін Оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, жеке ашық аукцион залын құрды: https://e-auction.gosreestr.kz/p/ru/TrackerAuctionsInOneRoom.
ҚР Энергетика министрлігінің Facebook-аккаунтындағы онлайн-трансляция кезінде аукционға шығарылған учаскелер бойынша ағымдағы жағдай орналастырылады және ол сағат сайын жаңартылып отыратынын қосымша хабарлаймыз.