2024 жылғы сәуірде статбюро барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде) кәсіпорындардың 30% іріктеп, бүкіл ай бойы жұмыс істеген қызметкерлерге есептелген жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы зерттеу жүргізді.
Зерттеу қорытындысы бойынша 2024 жылы қызметкерлер жалақысының медианалық мәні 285 677 теңгені құрады. Модальді жалақы мәні (ең көп таралған жалақы мөлшері) – 97 557 теңге болды.
Қызметкерлердің жалпы санында орташа айлық жалақы алушылар үлесі былай бөлінді:
- қызметкерлердің 6,1% – 100 000 теңгеге дейін алды
- 12% – 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін
- 35,1% – 150 001-ден 300 000 теңгеге дейін
- 35,6% – 300001-ден 600 000 теңгеге дейін
- 6,9% – 600 001-ден 900 000 теңгеге дейін
- 2,1% – 900 001-ден 1 200 000 теңгеге дейін
- 1% – 1 200 001-ден 1 500 000 теңгеге дейін
- 1,2% – 1 500 001-ден жоғары