2023 жылы Қазақстан Республикасына 157 мыңға жуық автомобиль әкелінді – бұл 2021 және 2022 жылдары әкелінгендерді қосып есептегендегіден де көп.
Ақшалай есептесек, 2021-2022 жылдары, 2 жылда 3,3 млрд долларға әкелінсе, былтыр импорт құны 3,1 млрд болды.
2023 жылы әрбір үшінші автокөлік Қытайдан әкелінді (55 мың), Қытай бір жылда күрт көбейді , +42,7 мың бірлік.
Экспорт 2022 жылдағыдан айтарлықтай өзгермеді (2023 және 2022 жылдары шамамен 10,2 мың), ал ақшалай есептегенде 19% (325 млн доллардан 263 млн долларға) төмендеді. Биылғы жылдың негізгі бағыты Ресей Федерациясы, 8,9 мың автокөлік сатылды. 2022 жылы негізінен Өзбекстан (7,3 мың бірлік) еді, ол кезде Ресейге 2 мыңға жуық сатылған.