KASE қызметінің қорытындысы бойынша 2022 жылы сауда-саттықтың жиынтық көлемі 261,6 трлн теңгені құрап, 2021 жылға қарағанда 50% немесе 87,2 трлн теңгеге ұлғайды.
2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есеп берушілікке сәйкес 2022 жылы KASE тобының қаржы-шаруашылық қызметі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
- табыс 11,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы нәтижеден 65,8% жоғары. Қызметтер мен комиссиялар табысы 34,6% ұлғайып, 5,7 млрд теңгені құрады. Пайыздық табыс 6,4 млрд теңгені құрап, 2,1 есе өсті;
- шығын 4 млрд теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 37% өсті;
- таза пайда 6,8 млрд теңге мөлшерінде, бұл өткен жылдың нәтижесінен 74,6% жоғары;
- активтер былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8 есеге – 12 109,7 млрд
теңгеге дейін ұлғайды.