2021 жылы Қазақстанның тауар айналымы 2020 жылғы көрсеткіштерден 17,4%-ға асып, $101,5 млрд құрады, тауар айналымының негізгі үлесін өңделген тауарлар бойынша сауда иеленді: 2021 жылы бұл көрсеткіш 58,1 млрд. АҚШ долл.құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 12%-ға жоғары (51,8 млрд. АҚШ долл.).
Экспорт 2021 жылы Қазақстаннан 26,9%-ға өсіп, $60,3 млрд құрады, Импорт 5,8%-ға өсіп, $41,2 млрд құрады.
Қазақстаннан экспорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: шикі мұнай, шикі мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалар, табиғи газ, уран, - кендер мен темір концентраттары, мыс кендері мен концентраттары бидай, қоспаланған болаттан жасалған ыстықтай тапталған жазық илек, мұнай өнімдері.
Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: есептеу машиналары, автомобильдерге арналған шанақтар, жеңіл автомобильдер және автомобильдер мен тракторларға арналған қосалқы бөлшектер, телефон аппараттары, бөлшек сауда үшін өлшеп оралған дәрілік заттар. Сондай-ақ вакциналар, қан сарысуы, қан.
2021 жылы Қазақстанның негізгі сауда серіктес елдері:
Ресей - екіжақты сауданың жалпы көлемі $24,2 млрд.
Қытай - тауар айналымы шамамен $18,2 млрд құрады.
Италия - өзара сауда көлемі $9,6 млрд асты.
Негізгі серіктес елдердің ондығына Нидерланды, Түркия Өзбекстан, Франция, Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Үндістан, Испания, Румыния, Греция, Швейцария кірді.