Қазақстан Халық банкі АҚ 2021 жылға шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады. 

2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудит жүргізілген мәліметтерге сәйкес, банктің меншікті капитал 1 573 604 мың теңге болды, 2020 жылы көрсеткіш 1 493 268 мың теңге еді. 

Жиынтық активтер 10 387 832 мың теңгеден 12 091 370 мың теңгеге, жиынтық міндеттемелер 8 894 564 мың теңгеден 10 517 766 мың теңгеге жетті.

Таза пайда 462 378 мың теңге болды. 2020 жылы 352 654 мың теңге болған еді. 

Жай акцияның баланстық құны 143,18 мың теңгені құрады, 2020 жылдың 31 желтоқсанында 126,76 мың теңге болған еді. 

Компанияның 2021 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудитті "Делойт" ЖШС жүргізді. Аудиторлық тұжырымдамаға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ және оның еншілес компанияларының барлық елеулі көрсеткіштер бойынша 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ, ҚЕХС сәйкес, көрсетілген датаға шоғырландырылған қаржылық нәтижелер мен бір жылдағы ақша қаржыларының шоғырландырылған қозғалысын нақты көрсетеді.