Қазақстандағы ірі микроқаржы ұйымдарының банкке айнала бастауына 2021 жылдың көктемінде-ақ алғышарт қалыптаса бастаған еді.

Сол кезде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мәдина Әбілқасымова осылай деген. Forbes басылымы осы мәселе туралы IDF Eurasia халықаралық қаржы тобының негізін қалаушысы Борис Батиннің пікірін білді.

"Қазақстандағы ірі микроқаржы ұйымдары банкке айналуға әзір. Олар қазір кей банктерден кем емес. Қызметкерлерінің біліктіліктері, несиелеу әдісі, несие портфелінің сапасы - бәрі банктерден қалыспайды. Тіпті кей банктердің рейтингінен біздің рейтинг жоғары. Ал өнім ұсыну жағынан микроқаржы ұйымдары тіпті банктерге қарағанда клиентке тиімді шартпен ұсынады", дейді Борис Батин.

Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдарының 3-5 жылдық несиесі банктердің осындай уақыттағы кей несиесінен арзан болуы мүмкін.

Ал кейбір микроқаржы ұйымдары әлдеқашан банкке айналуға дайын болған. Бірақ қазір олар банк ретінде тіркелу қажет пе, жоқ па соны ойлап жатыр, дейді спикер.

"Мәселен, біздің микроқаржы ұйымы банкке айналуы мүмкін. Қазіргі несиелік өнімдерден бөлек біз шағын және орта бизнес үшін есепшот ашу, бухгалтерия жүргізу, карта ашу, төлемдерді процестеу, айналым қаражатына несие беру секілді жаңа қызметтерді қосқымыз келеді. Бірақ ол үшін банк лицензиясы керек", дейді .

Спикердің айтуынша, қазір осы мәселе бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтінім беріп отыр, яғни, алдағы 12 айда еліміздегі бір микроқаржы ұйымы банк ретінде тіркелуі мүмкін.

Жалпы, агенттік үшін банктердің рейтингі ең маңызды мәселе. Банк секторында әлсіз ойыншы болмауы керек. Өйткені бір банктің несие портфелі нашарласа, бұл елдегі банк секторының рейтингіне тікелей әсер етеді. Қазір микроқаржы секторында билік тарапынан да, халық тарапынан да белгілі бір жағымсыз пікір қалыптасып қалған. Олардың портфель сапасы, клиенттерінің сапасы төмен деген. Алайда, кей микроқаржы ұйымдарының рейтингтері елдегі кейбір банктердің рейтингтерінен жоғары екені байқалады.

Микроқаржы ұйымдарының банктерден бір артықшылығы - олар клиентпен жұмыс істеу жағынан озады. Олардың бір клиентке шығыны банктердің шығынынан анағұрлым төмен. Сондықтан микроқаржы ұйымдарындағы пассив құны төмен болса да, есесіне бизнес жүргізу шығынының төмендігімен жабады.Спикердің айтуныша, бұл артықшылық банкке айналғаннан кейін де ешқайда кетпейді. Керісінше, жаңа өнімдер қосылғаннан кейін клиентпен жұмыс істеу одан сайын жақсармақ. Әсіресе шағын және орта бизнес үшін. Бұл сегментке банктер қазір онша қызмет ете қоймайды.

Егер микроқаржы ұйымдары, әсіресе шағын және орта бизнеске несие беретін микроқаржы ұйымдары банкке айналатын болса, шағын және орта бизнес үшін банк несиесі қолжетімді бола бастар еді. Өйткені, қазіргі таңда банктерден шағын және орта бизнес алу өте қиын және банктер бұл сегмент үшін арнайы қызмет те ұсынбайды.