Toyota Camry-дың TRD деген жаңа нұсқасы шығады

Toyota компаниясының америкалық бөлімшесі сол жақтың халқына арнап TRD деген жаңа нұсқаны дайындап жатыр.

Спорттық стильдегі жаңа көлік Avalon мен Camry модельдерінің негізінде жасалады.

Жаңа көліктер 28 қараша күні Лос Анжелесте таныстырылады.

Көлік туралы әзірге нақты ақпараттар жоқ. Алдын ала болжам бойынша, жаңа көлік барынша агрессивті, жаңа дөңгелекпен, жақсартылған тежегіш жүйесімен, аэродинамикалық аспамен және ірі көлемдегі дискімен шығарылмақ. Сонымен қатар аспасы сәл төмендетілуі де мүмкін.

Оқыңыз:   Әлем байлығының тең жартысы ең бай 1% адамда