Shell компаниясы жемқорлықтан қорқып «ҚазМұнайГазбен» келіссөзден бас тартты

Жыл басында Bloomberg агенттігі голландиялық Shell компаниясының «ҚазМұнайГаздың» үлесін сатып алатынын хабарлаған. Бірақ келіссөз болмайтын болыпты.

«Royal Dutch Shell Plc компаниясы KazMunayGas National Co. компаниясының үлесін сатып алу туралы жоспарынан бас тартты. Due diligence процесінен кейін Қазақстанның мемлекеттік мұнай компаниясындағы жемқорлық қатерінен кейін жоспардан бас тартып отыр», — деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Сәл ертеректе аталған басылым «ҚазМұнайГаздың» өзі бірінші болып Shell компаниясына аталған ұсынысты тастағанын хабарлаған еді. Қазақстан компаниясы ондағы мақсатының IPO алдында құнын көтеру деп түсіндірген еді. Ол кезде Shell тарабы ұсынысты талқылайтынын айтқан еді.

Келіссөздер ҚазМұнайГаздың 2020 жылғы IPO алдында өткізілуі керек еді. Дегенмен, Shell компаниясы ҚазМұнайГаз үлесін сатып алудың орнына компанияның корпоративті басқаруын жақсартуына көмектесуді ұсынған.

Голландиялық компанияның ҚазМұнайГаздың үлесін сатып алудан тартынуына басты себеп Debevoise & Plimpton заңгерлік фирмасының жүргізген бағалауы нәтижесі көрсеткендей ұлттық компаниядағы жемқорлықтың жоғарылығы.

Басылымның мәліметінше, Қазақстанның саясаты мен бизнесіндегі ірі тұлғалардың ҚазМұнайГазға бейресми ықпалы бар.

Әзірге, мәселеге қатысты Shell, «Самұрық-Қазына», Kazenergy және Deboise & Plimpton-тың ешқайсысы ресми мәлімдеме жасамай отыр.

Оқыңыз:   Базардағы сауда азайып бара жатыр