Жайылымдық учаскелерді ұтымды пайдалану және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдарды анықтады, олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылды.
Жұмыс нәтижелері учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратынын көрсетті.
Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына алып келеді.
Бүгінде елімізде шамамен 15 млн га қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады.
Жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Мемлекетке қосымша 5 млн га қайтару жоспарлануда.
Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді.
Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.