ҚРҰБ төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбековтың электрондық әмияндарды пайдалану бойынша жаңа ережелерді түсіндіру бойынша түсініктемесі
Электрондық әмияндар – ыңғайлы төлем құралы. Олардың көмегімен біз тауарлар құнын оңай төлеп, коммуналдық қызметтер, салықтар және басқа да күнделікті транзакцияларды жүргіземіз. Бұл сервистердің танымалдылығы күннен күнге өсуде. Электрондық әмияндар бойынша қызмет банктермен және де Ұлттық Банкте тіркеуден өткен төлем ұйымдарынмен көрсетіледі. Осы қызмет бойынша олардың айналымы 580 млрд теңгені құрады.
2020 жылдың 17 шілдесінде электрондық әмияндар қолдану саласын жетілдіру үшін біз әзірлеген жаңа заңнамалық түзетулер күшіне енді.
Түзетулер неліктен қабылданды?
Негізгі мақсат – ақшаны жылыстату және басқа да заңсыз операциялар үшін электрондық әмияндарды пайдалану мүмкіндігін болдырмау. Ол үшін анонимді пайдаланушылар арасында аударымдарға тыйым салынып, олар үшін ақша шығаруға шектеу енгізілді. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе мен үрдіс. Көптеген елдер осындай ережелер енгізуде, Қазақстан да осы қатарда.
Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтерді бұрынғыдай сәйкестендіру рәсімін өтпестен, соның ішінде терминалдар арқылы төлеу мумкіндігі сақталып калды. Жалғыз нәрсе – төлемді тек сәйкестендірілген пайдаланушылар ғана ала алады және сома 50 АЕК-тен аспауы керек.
Сәйкестендіру не береді?
Сәйкестендіру толық және жеңілдетілген болып екіге бөлінеді. Клиент толық сәйкестендіруді өткен жағдайда оның электрондық әмиянмен жүргізілетін операцияларына қандай да бір шектеулер қойылмайды.
Жеңілдетілген сәйкестендіруді қашықтықтан қызмет көрсету сервистары арқылы өтуге болады. Ол қандай қосымша артықшылықтар береді.
Біріншіден, әмиян йесі басқа қолданушылардан ақша аударымдарын қабылдай алады.
Екіншіден, операциялар лимиті 2 есе 100 АЕК-ке дейін көтеріледі.
Үшіншіден, ақшаларды электрондық әмиан арқылы өз шотына не төлем карточкасына шығаруға болады.
Кәсіпкерлер қандай артықшылықтарға ие?
Бұрын кәсіпкерлер әминды қолданғагнда алдымен төлемдерді қабылдап, сосын ақшаны банктік шотқа шығару керек болатын. Бұл қосымша уақыт алып, қосымша шығыстарға алып келетін. Осы шектеу алынып тасталды, енді кәсіпкерлер электрондық әмианды есеп айырылысу үшін пайдалып, басқа кәсіпкелермен тікелей жұмыс жасай алады.
Бұл әсіресе шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау бойынша транзакциялық шығындарын азайтады.