Биыл шілде айында ҚР-дағы әуе жолаушылар тасымалы қызметі бір жылда 10,5% қымбаттады.
Өңірлер бойынша Жетісу өңірінде ең көп қымбаттады: бірден 52,7%. Одан кейін Қызылорда (46,9%) және Солтүстік Қазақстан (15,9%) облыстарында да баға айтарлықтай өсті.
Батыс Қазақстан облысында баға былтырғы деңгейінде қалды. Еліміздің 20 өңірінің тағы 6 өңірінде – Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында әуе жолаушылар тасымалы қызметі арзандаған.
Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша әуе компаниялары 5,9 млн адамды тасымалдады, бұл былтырғыдан 27,8% көп. Алматыда ең көп жолаушылар тасымалданды: 2 млн адам, бір жылда 28,5% көбейген. Одан кейін Астана (1,6 млн адам) мен Шымкент (555,6 мың адам). ӘУе көлігімен ең аз жоолаушы тасымалданған өңір Алматы облысы: бар болғаны 2,8 мың адам.
Жолаушылар айналымы 11,7 млрд жкм, бұл былтырғыдан бірден 46,5% көп.
Биыл қаңтар-маусым қорытындысы бойынша, әуе көлігімен жүк пен багаж тасымалдау 11,4 мың тоннаны құрады, бұл былтырғыдан 9,7% көп. Алматыда – 6,7 мың тонна, Шымкентте – 3,1 мың тонна, Астанада – 1,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалданды.
Қаңтар-маусым айларында жүк айналымы 24,6 млн ткм құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 7,6% көп.