Статистика бюросының дерегінше, тамызда үш бөлмелі пәтерлер саудасы бойынша 5,7 мың мәміле жасалған. Бұл шілде айымен салыстырғанда 13,7% немесе 0,7 мыңға көп. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәуірінен бергі ең жоғары көрсеткіш, ол кезде зейнетақы жинағының арқасында сауда қызған.
Үш бөлмелі пәтер сатылымы 3 ай қатарынан өсіп келеді. Мұның басты себебі – маусымдық. Әдетте, жаздың соңында сатып алушылардың белсенділігі айтарлықтай артады және жыл соңына дейін жоғары болып қалады. Өткен ай ерекшелік болмады. Оның қорытындысы бойынша сауда 13,4% өсіп, 38,8 мыңға жетті.
Үш бөлмелі үйлер саудасы артқанымен, әлі де бір және екі бөлмелі үйлерге сұраныс көбірек.
Үш бөлмелі үйлер ең көп Астанада (1,1 мың), Алматыда (0,9 мың) және Қарағанды облысында (0,7 мың) жақсы сатылды. Ай сайынғы өсім бойынша Алматы (+0,2 мың бірлік) көш бастап тұр.