Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге соңғы сатыдағы несие беру қағидаларына түзетулер әзірледі. Оларды Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктерге ақпараттық шабуыл жасау немесе макроэкономикалық жағдайлардың нашарлауы салдарынан клиенттер депозиттерін біржолғы жаппай алуы нәтижесінде пайда болған өтімділік тапшылығы жағдайында береді.

Барлығы 100 түзету бар, олардың көпшілігі «құқықтық техникаға» қатысты. Негізгі тұстар мынау:

  • несие соңғы есепті күнге меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің ең төменгі мәндеріне және басқа да стандарттарға сәйкес келетін төлем қабілеті бар банкке ғана беріледі;
  • ХВҚ және Дүниежүзілік банктің ұсынымы бойынша, нарықтық емес активтердің тәуекелдерін бағалау үшін банктік несиелердің баланстық құнының анықтамалары және тәуекел көрсеткіштері енгізілуде;
  • ірі банктерге қатысты ҚНРДА жүргізетін жыл сайынғы AQR (тәуекелге негізделген қадағалау шеңберінде активтер мен міндеттемелердің сапасын жыл сайынғы бағалау) нәтижелерін пайдалану ұсынылады;
  • екінші деңгейлі банк өзінің несиелік міндеттемелерін орындағанға дейін оған инвестиция салуға, онымен ерекше қарым-қатынаста болған тұлғаларға несие беруге, сондай-ақ дивиденд төлеуге, басшы қызметкерлерге сыйақы мен бонус есептеуге, сондай-ақ шығындарды азайтуға рұқсат беруге, Cost to Income Ratio (CIR) бір айда үш пайыздық тармақтан астам ұлғайтуға тыйым салынады.