Қазақстан Үкіметі келесі жылы халықаралық нарықтан 2 млрд долларға дейін юаньдік облигациялар шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі вице-премьер Серік Жұманғаринге сілтеме жасап хабарлады. Билік юаньмен қарыз алу басқа валюталарға қарағанда арзанға түсуі мүмкін деп күтеді.

Қыркүйек айының басында Қазақстан Даму Банкі 2 млрд юань (шамамен $281 млн) көлемінде алғашқы еврооблигацияларын орналастырды. Ұқсас жоспарларды «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» да қарастырып отыр. Олардың жоспары – «димсам-облигациялар» арқылы 15 млрд юаньға дейін қаржы тарту.

2026 жылы Үкімет еурооблигациялар шығару мүмкіндігін де қарастырады. Дегенмен, олардың көлемі әзірге нақтыланбады.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан Қытайдан 1 млрд доллар қарыщ алайын деп жатқаны хабарланған еді еді. China Development Bank пен Қазақстанның даму банкі несие желісін ашу туралы бас келісімге қол қойған болатын.