Қаржы министрінің бұйрығымен ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізімі бекітілді. Бұл бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Жалпы алғанда, 2026-2027 жылдарға арналған тізімге 524 салық төлеуші енген. Бұл — жиынтық табысы ең жоғары ірі компаниялар. Олардың басым бөлігі көмірсутектер мен басқа да пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады.

Тізімге енген негізгі компаниялар: «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалы, «Би Джи Карачаганак Лимитед (Ақсай қ.)» филиалы, «Аджип Қарашығанақ Б.В.» компаниясының филиалы, «Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани» компаниясының филиалы, «ЛУКОЙЛ Оверсиз Қарашығанақ Б.В.» филиалы, «ҚМГ Қарашығанақ» компаниясы, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалы, «Эксон Мобил Казахстан Инк.» корпорациясының филиалы.

Бұған қоса, оның құрамына «ҚМГ Қашаған Б.В.» жеке компаниясының филиалы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» филиалы, Shell Kazakhstan Development BV – «Шелл Казахстан Девелопмент БВ» филиалы, «КННК Казахстан Б.В.» филиалы, «TotalEnergies EP Kazakhstan» / «ТотальЭнерджиз ЭП Қазақстан» филиалы, «Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд.» филиалы, «Теңізшевройл» компаниясы, Dunga Operating GmbH филиалы, Ақтау қаласындағы «Оман Ойл Компани Лимитед» филиалы, «ПТТЕП (Қазақстан) Корпорэйшн» филиалы, «Өзенмұнайгаз» компаниясы, «ҚазАзот» компаниясы кірді. Сондай-ақ тізімде «Қазцинк», «Қазақмыс» корпорациясы, «Қазхром» трансұлттық компаниясы, Qarmet, KAZ Minerals Bozshakol, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «Қазақстан электролиз зауыты», «Қазақстан Алюминийі», KAZAKHMYS SMELTING және «Богатырь Көмір» бар.