Бір жылда (2022 жылғы тамыз 2021 жылғы тамызға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 25,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 18,1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы тамызда 31,8% артты.
Өңірлер арасында жаңа салынған тұрғын үй нарығы бойынша жылдық мәнде баға Ақтөбе қаласында 32,5%-ға, Нұр-Сұлтанда 27,6%-ға, Қостанайда 26,3%-ға қымбаттады. Қолданыстағы баспана саудасындағы баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда қ. (48,4%), Нұр-Сұлтан қ. (40,8%), Өскемен қ. (39,9%), Талдықорған қ. (36,5%) , ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (62,5%).
Бір айдың ішінде (2022 жылғы тамыз 2022 жылғы шілдеге) пәтерлерді қайта сату бағалары 0,4% өсті, ал жаңа тұрғын үйді сату 0,1% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда тамызда 12,4% жоғарылады.
Бір жылда (2022 жылғы тамыз 2021 жылғы тамызға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 25,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 18,1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы тамызда 31,8% артты.
Өңірлер арасында жаңа салынған тұрғын үй нарығы бойынша жылдық мәнде баға Ақтөбе қаласында 32,5%-ға, Нұр-Сұлтанда 27,6%-ға, Қостанайда 26,3%-ға қымбаттады. Қолданыстағы баспана саудасындағы баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда қ. (48,4%), Нұр-Сұлтан қ. (40,8%), Өскемен қ. (39,9%), Талдықорған қ. (36,5%) , ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (62,5%).
Бір айдың ішінде (2022 жылғы тамыз 2022 жылғы шілдеге) пәтерлерді қайта сату бағалары 0,4% өсті, ал жаңа тұрғын үйді сату 0,1% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда тамызда 12,4% жоғарылады. |
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты сату операцияларын жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.