Тұру және тамақтандыру қызметтері саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ол 46,7 млрд теңгені құрады, 2021 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда ақшалай түрде 22% аз, (ФКИ - 74%), деп хабарлайды finprom.kz.
HoReCa секторындағы күрделі салымдардың негізгі көлемі дәстүрлі түрде бизнестің меншікті қаражатына түсті: 35,1 млрд теңге, алайда бұл 2022 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 34,4%-ға аз. Банк несиелері 9,4 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,3 есе артық. Бюджеттік қаражат небәрі 1,4 млрд теңгені құраса, оның 1,3 млрд теңгесі жергілікті, 70 млн теңгесі республикалық бюджет есебінен болды. Банктік емес қарыз қаражаты есебінен инвестиция көлемі бір жылда 2 еседен астам қысқарып, 508,6 млн теңгені құрады.
ҚР өңірлері ішінде HoReCa саласына салынған инвестиция көлемінің үштен бірінен астамы Түркістан облысының үлесінде (17 млрд теңге). Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (3,8 млрд теңге), Алматы (3,6 млрд теңге) және Ақмола облысы (3,4 млрд теңге).
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында секторға инвестицияның ең аз көлемі Ұлытау (26,6 млн теңге), Ақтөбе (175,5 млн теңге) және Қостанай (298,7 млн теңге) облыстарында байқалды.
2022 жылдың бірінші тоқсанында тұру және тамақтандыру қызметтері саласындағы орташа айлық жалақы 262,1 мың теңгені құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 8,2% аз. Саладағы жалақының нақты сатып алу қабілеті 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 11,8% өсті, ал ҚР-да жалпы алғанда 12,7% өсті.