2024 жылғы маусымда 132,8 мың бірлік автокөлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% кеміді, деп хабарлайды статбюро.
Осылайша 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жалпы автокөлік құралдарының саны 5 506,9 мың бірлікті құрады.
Оның ішінде:
- 88% – жеңіл автомобиль;
- 9,9% – жүк автомобиль;
- 2,1% – автобус.