Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов Қазақстанда тағы бір банкті сатып алуды, жергілікті маркетплейс бойынша мәмілеге шығуды және Түркиядан екінші деңгейлі банк табуды жоспарлап отыр. Осы мақсаттарды қаржыландыру үшін холдинг 500 млн долларға дейінгі сомаға облигациялар шығаруды қарастырып жатыр. Тимур Турлов бұл туралы Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Турловтың айтуынша, Қазақстанда «теориялық тұрғыда» сатылатын бірнеше банк бар. Freedom ойыншыны баланстық құнынан сәл төмен бағаға сатып алуға дайын. Мақсат — корпоративтік клиенттер базасына қол жеткізу үшін оны Freedom Bank-пен біріктіру. Сатып алынатын банк көлемі жағынан Freedom Bank-пен (активтері 2,5 трлн теңге, капиталы 500 млн доллар — ред.) деңгейлес болуға тиіс.
Холдинг «жуырда жергілікті сауда алаңын сатып алатыны туралы жариялауы мүмкін». Сатып алынатын нысанның аты әзірге құпия сақталуда, бірақ мәміле e-commerce бағытын дамыту үшін қажет.
Түркияда брокерлік лицензия алғаннан кейін Турлов сатып алу үшін жергілікті банк іздеп жатыр. Оны капиталы 300 млн доллар шамасындағы ойыншылар қызықтырады.
«Көптеген банк бұл талаптарға сәйкес келмейді», — деп атап өтті ол.