TikTok әлеуметтік желісі АҚШ-та Virtual Dining Concepts-пен бірлесіп TikTok Kitchen атты тамақ жеткізу қызметін іске қосты.
Бұл қызметтің ерекшелігі сонда, бұл тамақтар әлеуметтік желідегі рецептпен дайындалған тамақтарды ғана тасиды. Қызметті 2022 жылдың наурыз айынан бастап пайдалануға болады, деп жазады Bloomberg.
Алғашқы уақытта әлеуметтік желі АҚШ бойынша TikTok Kitchen-нің 300 орнын ашпақ. Тамақтың бағасы Virtual Dining Concepts брендінің өзге де тамақтарымен шамалас болмақ. Компания менюді тоқсан сайын ауыстырып тұрмақ. Табысты әлеуметтік желі аспаздықпен айналысатын тиктокерлерді қолдауға жұмсамақ. «Бұл олардың бизнесіне инвестиция болады», дейді Virtual Dining Concepts негізін қалаушылардың бірі Роберт Эрл.