Қор нарығына бүгін инвестиция жасап, ертең бірден байып кетемін деу жаңсақ пікір. Қаржы құралдарына тиімді инвестиция салу білімді, қаржылық тәртіпті, салқынқандылықты қажет етеді. Көрсеқызарлық, орынсыз тәуекел, сатып алғалы жатқан құнды қағазыңызды зерттемеу ешқашан ақшаңызды көбейтпейді. Осы орайда, Naryk.kz басылымы бастауыш және қалыптасқан инвесторларға Freedom Academy ұсынған нақты практикалық кеңестерді таныстырады.
Бастауыш инвесторларға курстар:
- Қор нарығы бойынша жеке курстар;
- Фантастикалық акциялар және оны қайдан табуға болады?
Қор нарығы бойынша жеке курстар
Бұл курстың бағдарламасы, оның мазмұны, ұзақтығы, оқу күндері мен уақыты әр клиент үшін (клиенттің қажеттіліктері мен дайындық деңгейіне байланысты) жеке анықталады. Курс бағдарламасы сіздің сұранысыңыз бойынша түзіледі. Ұстазбен бірге білімді байытып, талдау дағдыларын жетілдіруге болады. Білім күшін сынап көру үшін практика керек екендігі түсінікті. Бұл орайда, оқытушымен бірге шынайы өмірде бағалы қағаздарды талдауға біраз уақыт арналады. Сонымен қатар жеке курс аясында тәуекел-менеджмент талқыланады. Сіз өз бетіңізше табыс потенциалын өлшеп, баға қозғалысының әртүрлі сценарийі кезінде сауатты түрде шығындардың жолын кесуді үйренесіз.
Курсқа онлайн, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында офлайн қатысуға болады. Сабақ кезінде сізге ноутбук беріледі.
Фантастикалық акциялар және оны қайдан табуға болады?
Бұл курс кезінде сабақ видео форматта ұсынылады және қиын терминдер мейлінше аз қолданылады. Кез келген ақпарат жеңіл ұсынылады. Курста әрқайсысы 5-15 минуттан 21 видеосабақ болады. Бұл негізінен инвестиция әлеміндегі алғашқы қадамдарын енді жасап жатқан азаматтарға арналады.
Бұл курстың сабағы университеттің қасаң дәрісіне емес, досыңызбен кофеханада әңгімелесу сәтіне көбірек ұқсайды. Қиын терминдер қарапайым және түсінікті анимация көмегімен түсіндіріледі. Терминдердің мәнін ғана емес, олардың қалай пайда болғанын, қалай қолданылғанын және уақыт өте келе қалай ауысқанын терең ұғынуыңыз үшін тарихқа саяхат жасалады. Курс барысында қабылдауға қиын соғатын жәйттер болмайды. Ал бола қалған жағдайда ұстаз оны анимацияланған кесте, графика және ыңғайлы визуалды форматта түсіндіреді.
Тәжірибелі инвесторларға арналған курстар:
- Фундаменталды талдау;
- Техникалық талдау;
- Бастауыштарға арналған опциондар.
- Максималды нақты стратегия.
Тақырыпта атап көрсетіліп тұрғандай тәжірибелі инвесторларға арналған курстарды үш негізгі талдау жүйесі бойынша қарастыру орынды болмақ.
Фундаменталды талдау курсы – талапкерлер үшін тамаша мүмкіндік. Мұнда сіз жеткілікті білім алу, ұзақ мерзімді капитал қалыптастыру және өзіңіздің қаржылық шешімдеріңіз бойынша мейлінше еркін болу мүмкіндіктерін молынан игересіз. Мұнда тәжірибелі мамандар сізге «перспективалы акцияларды қалай таңдауды», «олардың нарықтық құнының өсу потенциалын бағалауды», «кірісі мол инвестициялық портфель қалыптастыру үшін америкалық нарық мүмкіндіктерін пайдалануды» үйретеді. Кез келген үміткер осы негіздерді қазірден меңгеру үшін курс жазбасына қол жеткізе алады.
Компания бизнес өсімінің перспективасын және негізгі үдерісті түсіну үшін аналитикалық веб-ресурстармен жұмыс істеуді мамандар бүге-шігесіне дейін үйретеді. Курсты аяқтағаннан кейін сіздің қолыңызда түрлі модельдері бар арнайы файл қалады. Сіз оны алдағы уақытта кеңінен қолдана аласыз. Бұл сабақта сіздер фундаменталды талдау түсінігімен ауқымды формада танысасыз және әңгіме ұзақ мерзімді инвестициялау туралы болған кезде неліктен көптеген инвесторлардың осы талдау түріне басымдық беретінін түсінесіз. Фундаменталды факторларды санамалап, оның маңыздылығын ұғынасыз. Сабақ барысында табыс пен шығын туралы есептердің көмегімен компания табыстылығына талдау жасаудың жайын түсінесіз. Сонымен қатар ақша ағындарының қозғалысын талдауды, баланс есебі көмегімен компания орнықтылығына талдау жасауды меңгересіз.
Максималды нақты стратегия
Бұл сабақ аясында «актив бағасы қайда барады?», «қозғалысты қалай болжауға болады?», «бұдан қалай табыс табуға болады?» деген сұрақтарға жауап табуға болады. Freedom Academy NYSE, NASDAQ және AMEX биржаларында 12 жылдық тәжірибесі бар кәсіпқой трейдері, техникалық анализ сарапшысы жетекшілік ететін «Ең дәл стратегия» жаңа курсының бағдарламасы сізді нарықтағы кез келген қозғалыста ақша табуға мүмкіндік беретін дәлме-дәл сауда стратегиясымен таныстырады.
Біріншіден, сіз ТМД елдері нарығында бірегей болып саналатын авторлық стратегиямен танысасыз. Яғни биржада табыс табуға мүмкіндік беретін максималды нақты стратегия сіз үшін де қолжетімді деген сөз. Екіншіден, бұл – барлығына да сәйкес келетін бірегей курс. Барлығы дегеніміз – енді бастағандар, инвесторлар және трейдерлер. Жеке тәсілдің арқасында сіздер бір ай ішінде нарықтағы әр алуан сценарий аясында стратегия қолдануды және қор нарығы қозғалысынан табыс табуды меңгересіз. Үшіншіден, курсты тәмамдағаннан кейін нарық құрылымын, үрдістердің ауысуын, тәуекелдерді бақылауды және сауда капиталын сауатты басқаруды біліп шығасыз. Бұл ілім өз кезегінде позициялар бойынша барлық қаржылық мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Барлық теориялық сабақтар жеке негізде өтеді. Алматыдағы жабдықталған арнайы трейдинг-орталықта толық бір ай бойы интенсивті сабақтар өткізіледі. Әрбір блок аяқталғаннан кейін білім деңгейі тексеріліп, үй тапсырмасы орындалады. Келесі сабақтарға өту үшін үй тапсырмасын орындау міндетті болып саналады. Оқу процесі кезінде барлық техникалық сұрақтар бойынша көмектесетін үйлестіруші сізбен бірге болады. Сондай-ақ сабақ процесі кезінде курс тәлімгері мессенджер арқылы сізді қызықтырған барлық сауалдарға жауап береді.
Техникалық талдау
«Техникалық талдау» тәжірибелік курсы сізге әлемнің кез келген нүктесінде отырып қор нарығында сәтті мәмілелер жасауға қатысты кең мүмкіндіктер әлемін ашады. Курсқа қатысу арқылы сіз техникалық талдау фигураларын анықтауды, үрдістердің ауысуын және жалғасуын бағалауды, тәуекел-менеджмент ережелерін қолдану көмегімен сауда терминалдарында мәмілелерді жүзеге асыруды үйреніп шығасыз.
Алғашқы сабақтың өзінде ақ сізде графикаларды талдау, техникалық талдау фигураларын анықтау, үрдіс бағытын бағалау қабілеттері пайда болады. Сондай-ақ тәуекелдерді басқаруды және қадағалауды үйренесіз. Перспективасы көп сауда идеясын таңдап, оны тәжірибе арқылы жүзеге асыруды да меңгересіз. Курсты қор нарығында тәжірибесі мол тәлімгерлер жүргізеді.
Сабақтар онлайн форматта жүргізіледі және сабақтың жазбалары ұсынылады. Сабақ барысында оқытушымен дауыстық хабарлама арқылы байланысу мүмкіндігі қарастырылған. Мазалаған сауалдардың барлығына жауап аласыз. Сонымен қатар сіз 90 күн бойы толық курсты көруге қол жеткізе аласыз.
Бастауыштарға арналған опциондар
Бұл курспен жұмыс істеу арқылы құралдың қандай екендігі, оның бағасының қалай өзгеретіні толыққанды түсіндіріледі. Сонымен қатар америкалық нарық акциясының үлгісінде онымен қалай жұмыс істеу керектігін, яғни қайтіп табыс табуға болатындығын үйретеді. Жеке кабинетте курсқа қатысты пайдалы материалдар және опциондар бойынша кітаптар ұсынылады. Курс аясында мынадай процестерді жедел әрі тиімді жүзеге асыруды үйренуге болады. Олар
- Жеке кабинет арқылы онлайн вебинар бейнежазбасын көру мүмкіндігі бар;
- Вебинар кезінде немесе вебинардан кейін сіз брокерлік шот ашып, инвестициялауды бастай аласыз;
- Академияда оқуды жалғастыра аласыз және кәсіби маман ретінде инвестициялауды үйрене аласыз;
Курс кезінде тәжірибелі және білікті ұстаздар оқушыларға қор биржасының қыр-сырын, алғашқы баспалдақты қалай басу керектігін егжей-тегжейлі үйретеді.
Ұсынылып отырған курстардың басты ерекшелігі және артықшылығы не? Ең бастысы – курстар биржа әлемін қарапайым тілде түсіндіреді. Оны әрине, қор биржасында орасан тәжірибесі бар, ең дұрыс әрі тиімді жолды нұсқай алатын тәлімгерлер жүзеге асырады. Курстардың бейнежазбасы сақталатындықтан, оны қай кезде де қайталап көруге, сабақ құндылықтарын еске түсіру мүмкіндігі бар. Инвестициялаудың маңыздылығын ерте түсініп, азаматтардың қаржылық және инвестициялық сауаттылығын арттыруға көңіл бөліп жатқан Freedom Academy бастамасы қолдауға және қатысуға тұрарлық.