Astana Finance Days конференциясы аясында Қазақстан, Орта Азия және Ресейдің жетекші венчурлік қорлары, ассоциациялары мен инвесторларының өкілдері COVID-19 пандемиясының венчурлық капитал нарығына әсерін және ары қарай өсу перспективаларын талқылады.
Қазақстанда стартаптар нарығы әлі күнге дейін дамудың алғашқы сатысында тұр. Мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Финтех хабы, Астана хабы және TechGarden сияқты жеделдету бағдарламалары жұмыс істейді. АХҚО нарықтың өсуі үшін қосымша ынталандыруды ұсына алады.
«АХҚО юрисдикциясының пайда болғанына көп өтпесе де, мұндағы принциптер ТМД елдерінде теңдессіз. Тіпті ТМД-дағы ең озық юрисдикция деуге болады», - дейді «Starta Ventures» серіктестігінің негізін қалаушы және бас серіктесі Алексей Гирин.
Стартаптар үшін ТМД елдерінің нарығы тар. Мәселен, Ресейдің интернет кеңістігінде 120 миллионнан астам қолданушы бар, сондықтан Mail.ru, Яндекс, Озон және Wildberries секілді ірі компаниялар бөлшек сауда сегментінде де жұмыс істейді.
«Корпоративті ойыншы болу үшін сіз әлемдік нарыққа шығуыңыз керек. Мысалы, Израильдегі әрбір стартап ғаламдық стартап болып саналады, өйткені жергілікті нарық жоқ. Сондықтан бизнесіңізді өркендету үшін АҚШ, Ұлыбритания, Қытайға баруыңыз керек», - деді «FortRoss Ventures» венчурлық қорының бас серіктесі Виктор Орловский.
Украинада да осындай жағдай. Инвестор Мұрат Әбдірахмановтың айтуынша, ондағы жергілікті компаниялардың сыртқы нарыққа бағытталған. Нәтижесінде, үш біртұтас компания қалыптасқан: People.ai, Gitlab және Grammarly.
Өзбекстанда финтех, маркетплейс, медициналық технологиялар бағыттары дамуда. Онда венчурлық капиталдың көлемі 10 миллион доллардан аз. Ондағы инвесторлар негізінен жергілікті «періште инвесторлар» және шетелдік қорлар. Осыған орай, Өзбекстанның венчурлық капитал қауымдастығының бас директоры Дильшод Зуфаров аймақтың барлық инвесторлары мен қорларын біріктіретін Орталық Азия инвестициялық клубын құруды ұсынды.
Қазіргі дағдарыс кезінде технологиялық компаниялар өздерінің артықшылықтарын күшейтті, инвесторлар алдында олардың тартымдылықтары артты. «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы компанияларға инвестиция тарту, іске асыру және қорғау үшін толық және көп функциялы құқықтық алаң ұсынады