«OnlineKazFinance» МҚҰ (Solva бренді) алдағы бір жылда банк болуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның 2023 жылға арналған аудиторлық есебінде айтылған.

«Жалғыз акционердің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы шешіміне сәйкес қазіргі уақытта компания оны микроқаржы ұйымынан банкке айналдыру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта компания Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен рұқсат алу үшін өтініш беру шараларын жүргізуде. Компания келесі жылы банк ретінде жұмысын бастауды жоспарлап отыр», — делінген хабарламада.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, жаңадан құрылған банк үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері кемінде 10 млрд теңге болуы керек. 2024 жылғы 1 сәуірдегі KASE соңғы деректеріне сүйенсек, барлық үш МҚҰ меншікті капиталдың нормативтік лимитіне сәйкес келеді: KMF – 54,6 млрд теңге, OnlineKazFinance (Solva) – 18,2 млрд теңге, BNK Finance Kazakhstan – 18,2 млрд теңге. теңгені құрады.