2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша халық саны 19 899 377 адамды құрады, оның ішінде 12 317 671 адам – қала, 7 581 706 адам – ауыл тұрғындары, 48,8% – ерлер, 51,2% – әйелдер.
Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы ұл, 91,5 мыңы – қыз. Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,20 туғанды құрады. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 25,97 адам), Түркістан (25,46) облыстарында және Шымкент қаласында (24,70) тіркелді.
Көрсетілген кезеңде қайтыс болғандар саны 63,6 мың адамды құрады, ал 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті 6,44 адам. Осылайша, жарты жылда халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адамды құрады.
Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан (1000 тұрғынға 11,07), Солтүстік Қазақстан (11,06) және Қостанай облыстарында (10,04) байқалды, бұл осы өңірлер халқының жас құрылымымен байланысты.
Биылғы алғашқы алты ай ішінде 1 жасқа дейінгі 1454 нәресте шетінеп, 1000 туылғанға шаққандағы нәресте өлімінің коэффициенті 7,67 болды.
Көрсетілген мерзімде 53,8 мың неке тіркелді. Некелесу коэффиценті 1000 адамға шаққанда 5,46 құрады. Сондай-ақ осы кезеңде 8,1 мың неке бұзылды (АХАЖ деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімін есепке алмағанда). Ажырасу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0,83 құрады.
Ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 5,8%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша республиканың 3 облысында: Астана (16 044 адам), Алматы (15 611 адам) және Шымкент (1 049 адам) қалаларында халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты.
2023 жылғы қаңтар-маусым республикаға келгендер саны 13652 адамды, елден кеткендер саны 6996 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 6656 адамды құрады.
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7%-ға азайды.
Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%.