2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Ішкі туризмнің көрсеткіштері де бірнеше есе өсті. Саяхатшылар Қазақстанның қандай табиғи көрікті жерлерін аралады және қайда демалды? Назарларыңызға «Үздік бестігімізді» ұсынамыз.
БЕСІНШІ ОРЫН – ШАРЫН ШАТҚАЛЫ. Шарын каньоны шалғай орналасқанына қарамастан, саяхатшылар өз көздерімен көргісі келетін еліміздегі орындардың бірі. Былтыр бұл жерге 45 мыңнан астам адам келген.
ТӨРТІНШІ ОРЫН – БАЯНАУЫЛ. Бұл жерде демалыс танымал бола бастады. Өткен жылы ұлттық саябаққа 85 мың турист келген.
ҮШІНШІ ОРЫНДА – КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ. Бұл жер саяхатшылар арасында да үлкен сұранысқа ие. Бұл жерге келген туристер саны 190 мыңнан асады.
ЕКІНШІ ОРЫН – БУРАБАЙ. Ішкі туризмнің брендіне айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны жағынан көш көшбасшылар қатарында. 550 мыңнан астам саяхатшы Көкшетаудың сұлулығын тамашалады.
БІРІНШІ ОРЫНДА – ІЛЕ-АЛАТАУ ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫ. Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің мәліметінше, 2022 жылы туристер ең көп келетін орын Іле-Алатау ұлттық саябағы болды. Былтыр оған 628 мың турист барды.