«Bank RBK» АҚ Қазақстан қор нарығындағы арнайы саудада өзінің үш жылдық облигацияларын алғаш нарыққа шығарды.

50 млрд теңгенің құнды қағаздарының жылдық табыстылығы 12,5%.

Андеррайтер ретінде саудаға "Сентрас Секьюритиз" АҚ мен "Фридом Финанс" АҚ қатысты.

Өтінімдер кітапшасын құру барысында үш аукцион бойынша нарықтағы сұраныс 1 млрд теңгеге асып кетіп, 51 млрд теңгені құрады. Құнды қағаздарды тек институционалды инвесторлар ғана емес, сонымен қатар бұл санатқа жатпайтын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар да сатып алды.

Жалпы, облигацияны 25 инвестор алды. Соның кейбірі сұраныстың көптігінен қалағанынша сатып ала алмағанын да айта кету керек.

Бұл банк секторының биылғы жылғы ең үлкен саудасы болды.