Қытай экономикасы қайта оңалды. Импорт та, экспорт та қарқын алды. Нәтижесінде мұнай да қымбаттай бастады.
Наурыз айымен салыстырғанда сәуірде Қытай мұнайды көбірек импорттаған. Осы мәліметтің жариялануы мұнай бағасын 30 доллардан асырып жіберді.
Сәуір айында Қытай тәулігіне 10,42 млн баррель қара алтын импорттаса, наурызда көрсеткіш 9,68 млн баррель болған. Алайда, өткен сәуірмен салыстырғанда биылғы сәуірде импорт көлемі 7,5 пайыз төмендеген.
Қытай экспортына келер болсақ, сәуір айында Қытайдың шетелге сатқан тауары жыл басынан бері алғаш рет қысымнан арылып отыр. Алайда, әлі де болса экспорт көлемі қарқынды өсім көрсетпей отыр.
ҚХР экспорты сәуір айында бір жылдық көрсеткіште 3,5% өсті. Ал импорт 14,2% төмендеді. Сарапшылардың пікірінше, экспорт 15,7%, импорт 11,2% азаяды деп күтілген.
Елдің сауда балансының профициті сәуір айында $45,34 млрд болды.
Nomura сарапшыларының мәліметінше, қытай экспорты жылдың екінші тосанында 30% азаймақ.