Тоғыз ай ішінде Қытайдан 35,6 мың тонна киім әкелінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49% аз. Мұндай төмен деңгей соңғы рет 2020 жылы тіркелген. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы сауда деректерінде айтылған.

Қытайдан киім импорты қаңтар–қыркүйек аралығында екінші жыл қатарынан төмендеп жатыр (2024 жылы –19% төмендеді). Алайда кейінгі бес жыл, 2019–2023 жылдар аралығында көрсеткіш тұрақты әрі көбіне қарқынды өсіп отырған. Кейінгі жедел өсім +75% жылдық көрсеткіш 2023 жылы тіркелген. Сол жылы 2015 жылдан бергі ең жоғары деңгейге — 85,9 мың тоннаға (тоғыз ай көрсеткіші) жеткен. Яғни ресми тіркелген динамика жалпы алғанда тұрақсыз.

Екі есе төмендеуге қарамастан, Қытай Қазақстанға киім жеткізетін шетелдік елдердің ішінде әлі де ең ірі жеткізуші болып қалды — импорттың жалпы көлемінің 39%-ы осы елге тиесілі.

Сонымен қатар Қытайдан басқа тағы бір ірі жеткізуші — Түркия да көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуін көрсетті (импорттағы үлесі — 9%). Бұл елден әкелінген киім көлемі бір жылда 31% азайып, 8,2 мың тонна болды. Айта кетерлігі, кейінгі жылдардағы Түркия импортының көрсеткіші Қытай динамикасына ұқсайды.

Осылайша, киім импортының жиынтық көлемі қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша 28% төмендеп, 91,8 мың тоннаны құрады. Қытай мен Түркия қалыптастырған құлдырау басқа бағыттардағы өсіммен өтелді. Мысалы, Ресейден киім сатып алу 13% артып, 23,4 мың тоннаға жетті; Бангладештен — 20% өсіп, 4,5 мың тонна болды.

Ал ақша түріндегі импорт бойынша да құлдырау қарқыны ұқсас — барлық ел бойынша номиналды түрде 28% төмендеп, 1,2 млрд долларға түсті. Қытай бойынша импортың ақшалай төмендеуі 51% (445,1 млн долларға дейін), Түркия бойынша — 30% (152,1 млн долларға дейін) болды.