Қазақстандық құрылыс компаниялары тұрғын үй келісілген көлемнен 1,5%-дан артық азайған жағдайда үлескерлерге ақша айырмасын қайтаруға міндетті болады. Бұл норма Индустрия және құрылыс министрлігінің бұйрық жобасында қарастырылған.

«Уәкілетті компания үлес алаңының азаюы/ұлғаюына әкеп соққан жобалау-сметалық құжаттамадан және Шарттан ауытқулар үшін жауапты болады.

Бұл ретте, үлес алаңының кемінде 1,5%-ға азаюы/ұлғаюы жобалау-сметалық құжаттамадан және Шарттан ауытқушылық саналмайды.

Сатып алынатын жалпы алаңның 1,5%-дан астамға азаюында көрсетілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқу жағдайында уәкілетті компанияға үлескерге аудан үшін нақты айырманы өтейді.

Үлестің ауданын 1,5%-дан астамға ұлғайтуда көрсетілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқу жағдайында үлескер уәкілетті компания үлестің нақты ұлғайтылған ауданының 50%-ын өтейді».