2021 жылдың үшінші тоқсанында құрылыс саласындағы қызметкерлер саны 3% көбейіп 640,7 мың адамға жетті.
Өткен жылдың осы уақытында саладағы жұмыскерлер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,1% азайып 621,8 мыңды құраған еді.
Өңірлер бойынша ең көп құрылысшылар астанада. Елордадағы құрылысшылар саны былтырғыдан 11,3% көбейіп 74,7 мыңға жетті. Одан кейін Алматы мен Түркістан облыстарында ең көп құрылысшылар.
Құрылысшы аз өңір СҚО. Былтырғыдан 2,9% азайып 11,2 мың болды.
Өсім қарқыны бойынша ең алда ШҚО. Шығыстағы құрылысшылар саны былтырғыдан 25,3% көбейіп 34,1 мыңға жетті.
Ал ең көп азайған өңір Қарағанды. Орталық Қазақстандағы құрылысшылар саны 7,6% азайып 35,9 мыңды құрады.
2020 жылмен салыстырғанда құрылыстағы бос жұмыс орны 53% көбейді. Құрылысшыларға сұраныстың артуы, елде жылжымайтын мүлік саудасының көбеюі мен тиісінше жаңа үйлердің көптеп салына бастауы.
Қазір құрылысшылардың орташа жалақысы 314,3 мың теңге. Бұл былтырғыдан 32,5% көп.