ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы АҚ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік
нәтижелерін жариялайды, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 0,3% - ға өсіп, 10 774 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 0,6% - ға артып, 37 157 мың тоннаны құрады;
- Қазақстандық және румын МӨЗ-інде көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 0,2% - ға кумулятивті ұлғайды және 9 721 мың тоннаны құрады.