«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2025 жылдың бірінші жарты жылындағы өндірістік нәтижелерін ұсынады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдықтағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және конденсат өндіру көлемі 8,8% артып, 13 млн 43 мың тоннаны құрады.
  • Газ өндіру көлемі 18,3% өсіп, 5 млрд 726 млн м³ жетті.
  • Мұнай тасымалдау 0,3% төмендеп, 41 млн 616 мың тоннаны құрады.
  • Мұнай өңдеу көлемі 16,5% ұлғайып, 10 млн 375 мың тонна болды.

2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 13 млн 43 мың тоннаны (ҚМГ үлесіне) құрады. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 8,8% жоғары. 

Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 18,3% өсіп, 5 млрд 726 млн м³ жетті. 

Биылғы 6 ай ішінде операциялық активтерде 7 млн 61 мың тонна мұнай мен конденсат өндірілді, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) — 2 млн 528 мың тонна, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) – 1 млн 376 мың тонна, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) — 1 млн 521 мың тонна, қалған еншілес кәсіпорындар — 1 млн 636 мың тонна.

ӨМГ, ЕМГ, ММГ-да мұнай өндіру деңгейі өткен кезеңнің нәтижелеріне ұқсас. Бұл ретте ЕМГ мен ММГ-да газ өндіру көлемі сәйкесінше 7,7% және 2,4% өскен. Бұл көрсеткішке газ факторы жоғары ұңғымалардың іске қосылуы ықпал етті.

Мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 41 млн 616 мың тоннаны құрады:

  • Магистралды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 2,6%-ға өсіп, 36 млн 32 мың тоннаға жетті.  
  • Теңіз арқылы тасымалдау көлемі 5 млн 584 мың тонна болды.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында көмірсутек шикізатын өңдеудің жалпы көлемі 16,5% өсіп, шамамен 10 млн 375 мың тоннаға жетті (ҚМГ үлесіне).

Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 5% артып, 7 млн 405 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің өсуі Павлодар мұнай-химия зауытындағы өңдеу көлемінің ұлғаюына және Шымкент мұнай өңдеу зауытының (ПҚОП) үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты болды.

Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы өңдеу көлемі 60,7% өсіп, 2 млн 969 мың тоннаға жетті. Көрсеткіштің едәуір өсуіне кәсіпорындардың барынша тұрақты операциялық қызметі ықпал етті. 

Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген мұнай өнімдері:

  • бензин — 2 млн 332 мың тонна, өсім 14%
  • дизель отыны — 2 млн 521 мың тонна, өсім 16,5%.

 KMG International мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген мұнай өнімдері:

  • бензин — 691 мың тонна, өсім 62,5%
  • дизель отыны — 1 млн 170 мың тонна, өсім 38,4%.

Қазақстан және румын зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 16,9% ұлғайып, 9 млн 685 мың тоннаға жетті.