«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның IPO-ға жылдың басты қаржылық жаңалықтарының бірі болғаны анық. Осы орайда компания акциясын сатып алғысы келетін азаматтардың қайда жүгінуі қажет екенін айта кетейік.
Бұған дейінгі жариялаған материалдарымызда айтылғандай, кез келген компанияның акциясын жеке инвестор тікелей барып сатып ала алмайды. Ол үшін биржада брокер деп аталатын арнайы компаниялар қызмет етеді. Қазақстанда жұмыс істейтін ресми брокерлердің ішінде ең сенімділердің бірі Freedom Finance Global компаниясы.
Freedom Finance Global – бөлшек инвесторларға қызмет көрсетумен айналысатын жаңа мүмкіндіктер ұсынатын брокер. Компания «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген және ағылшын құқығы аясында қызмет етуге лицензия алған. Freedom Finance Global клиенттері NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange секілді халықаралық қаржы нарықтарындағы биржалық операцияларға қосыла алады және холдингтің ең танымал қызметтерінің бірі IPO-ға қатыса алады.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында компанияда 13 мыңнан астам есепшот ашылып, 1 млн-нан астам келісімшарт жасалды. 2022 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, компаниядағы есепшоттардың жалпы саны 60 мың болса, жалпы саны 3,3 млн келісімшарт жасалған.
Freedom Finance Global компаниясы Freedom Holding Corp. халықаралық тобының еншілес компаниясы.
Freedom Holding Corp. – өзінің еншілес компаниялары арқылы қаржы қызметтері, бөлшек брокерлік операциялар, инвестиция мәселелері бойынша консультация, құнды қағаздар саудасы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтер жасайтын холдинг. Холдинг Қазақстан қор нарығының (KASE), Astana International Exchange (AIX), «Тошкент» республикалық қор нарығының (UZSE) және Украина биржасының (UX) кәсіби қатысушысы. Жыл сайын холдингтің қаржылық көрсеткіштері өсіп келеді. Мәселен, 2022 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған тоқсандық қорытынды бойынша, таза пайда $27,2 млн болды.
Freedom Finance Global арқылы есепшот ашу артықшылықтары:
- Есепшотты 10 минутта онлайн ашу (құжаттардан тек паспорт немесе жеке куәліу керек);
- мультивалюталық инвестициялау (биржада теңгемен, доллармен, еуромен, рубльмен, юаньмен сауда жасауға болады);
- инвест-идеялар (қосымша мен сайтта компания сарапшыларының аналитикасымен танысуға болады);
- сатып алынатын активтердің (құнды қағаздардың) көптігі;
- келісімшарттардың қауіпсіздігі (Tradernet платформасы База ID, Touch ID немесе SMS бойынша тексеруден өткеннен кейін ғана маңызды операциялар мен келісімшарттар жасауға рұқсат етеді);
- түсінікті, қолайлы және көптілді интерфейс
Сонымен қатар, компания өз клиенттеріне IPO кезінде «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуға комиссияны алып тастады! Акцияны ары қарай сату комиссиясы клиенттің тарифіне қарай алынатын болады.
Freedom Finance Global арқылы «ҚазМұнайГаз» IPO-сына қалай қатысуға болады?
- Есепшот ашу. Оны компанияның сайтында, Tradernet.global платформасында, компания кеңселерінде, 7555 тегін нөмірі арқылы жасауға болады. Сонымен қатар компанияның өзге топтары арқылы:Freedom Bank, Freedom Life, Freedom Insurance немесе Freedom Mobile кеңселеріне келіп, консультанттардан IPO-ға қатысу үшін шот ашу жолдары туралы ақпарат білуге болады;
- толтыру – кез келген банктегі ағымдағы шоттан брокерлік шотқа аударуға болады);
- өтінім беру – өтінім сауда платформасы арқылы сатып алуға тапсырыс жасап қабылданады)
Осыдан кейін 2022 жылдың 5 желтоқсанында өтінімді мақұлдауды және 2022 жылдың 7 желтоқсанында есеп айырысуды күту керек. Мұнда ескеретін нәрсе, егер акцияға сұраныс көп болса, инвестор өтінім жіберген акциясынан аз акция алуы мүмкін.
- акцияны алу – алынған акциялар сауда платформасындағы портфельде көрінеді, акцияны алғаныңызға көз жеткізгеннен кейін сауданың басталғанын күту керек. Осыдан кейін инвестор акцияны қалаған мақсатына пайдалана алады.
- Бір өтінімге минималды акция саны – 1. Максималды – шектелмеген
«ҚазМұнайГаз» акцияларын не үшін алу керек?
Компания IPO-сы Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары аясында өткізіліп отыр.
«ҚазМұнайГаз» құн тізбегінің барлық кезеңдерінде толық интеграцияланған мұнай саласындағы ұлттық көшбасшысы. «ҚазМұнайГазға» инвестиция салу ұзақмерзімді өсу мүмкіндігі жоғары қазақстандық мұнай-газ саласына инвестиция салудың бірегей мүмкіндігі саналады.
Ұлттық компания ретінде ҚМГ Қазақстанның стратегиялық жер қойнауы учаскелері мен теңіз жобалары үшін жер қойнауын пайдаланудың бірегей құқықтарына ие және геологиялық барлауда үлкен маңызға ие. Мұнай қоры әлеуетті көлемі даму стратегиясына сәйкес мұнай эквивалентінде шамамен 1,9 млрд баррельді құрайды.
Тұрақты қаржылық көрсеткіштері компанияның инвестиция салуға таптырмайтын мүмкіндік екенін көрсетеді. Атап айтқанда, 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2022 жылдың 9 айындағы көрсеткіштер төмендегіше:
- Жалпы табысы 77,4% өсіп 6 776 млрд теңге;
- Таза пайда 15,9% өсіп 1 162 млрд теңге;
- EBITDA көрсеткіші 41,8% көбейіп 2 020 млрд теңге;
- Инвестиция тартуға түзетілген еркін ақша ағыны 72% өсіп 730 млрд теңгені құрады.
Айта кетерлігі, компания акциясы IPO-ға 8406 теңгеден шығып жатыр. Алайда, нарық қатысушылары мен сарапшылар бір ауыздан бұл бағаның анағұрлым жеңілдікпен сатылып жатқанын, алдағы уақытта акция бұдан ары қымбаттайтынын айтады.
Компания акциясын сатып ала отырып кез келген қазақстандық ұлттық байлықтың іс жүзіндегі иесі болмақ. Ескеретін нәрсе, акцияға өтінім қабылдағанда ең алдымен ҚР азаматтарының өтінімдері бірінші кезекте қанағаттандырылады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК IPO-сы – Қазақстан азаматтары үшін үлкен инвестициялық мүмкіндік. IPO-ға қатысу Қазақстандағы барлық ірі мұнай-газ жобаларының акционері болуға жағдай жасайды. ҚМГ – Қазақстандағы ең ірі ұлттық компаниясы және экономика үшін өте үлкен маңызға ие. Компания мұнай өнеркәсібінің барлық үш сатысында да жұмыс істейді: «барлау және өндіру», «тасымалдау», «өңдеу». Компания Қашағандағы үлесінің ұлғаюымен, 2025 жылға қарай Теңіздегі өндірістің 45% артуы және жаңа мұнай-химия жобаларының іске қосылуынан өсетін болжамды ақша ағындары негізінде бағаланып отыр. Бұл ретте ұсынылған баға жеілдетілген және нарықтық бағадан айтарлықтай арзан. ҚМГ секілді вертикалды интеграцияланған мұнай-газ компанияларының нарықтық бағасы, біздің есептеулеріміз бойынша, IPO бағасынан 16,5% жоғары. Әділ баға, біздің бағалауымыз бойынша, IPO бағасынан 52% жоғары. Яғни акция құны әлі өседі деген сөз. Біз өз бағалауымызда, әрине, ҚМГ-ның ағымдағы қарыздарын және барлық негізгі белгілі тәуекелдерді, соның ішінде КҚК-дағы кідірістерді және мұнай бағасының құбылмалылығын ескереміз», – дейді Жария Freedom Finance Global компаниясының сарапшысы Данияр Оразбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бөлшек инвесторлар үшін өтінім 2022 жылдың 2 желтоқсанына дейін қабылданады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан экономикасының ең басты жетекшісі мұнай-газ саласы десек, «ҚазМұнайГаз» осы салада өндіріспен қатар, барлау, тасымалдауда ең ірі жобалардың кейбірінде бақылау үлесі бар, кейбірінде ауқымды мөлшерле үлесі бар ұлттық компания. Оның үстіне қазір шикізат нарығындағы жағдайдың барынша қолайлы және акция бағасының айтарлықтай жеңілдікпен сатылып отырғанын есепке алатын болсақ, ҚМГ акциясы кез келген қазақстандық үшін ертеңгі күнге инвестиция салу үшін таптырмас құрал болмақ.