АҚШ долларының теңгеге шаққандағы қазіргі бағамы 2026 жылы тиімді бағаммен сатып алуға қолайлы сәтті күткендер үшін ең жақсы мүмкіндіктердің бірі болып отыр, дейді Freedom Broker кезекті шолуында. Компания доллар бағамы жылдық минимумға жақындап қалғанын еске салды.

«Қазіргі уақытта доллар 488 теңгеге дейін төмендеді. 486–487 теңге деңгейінде күшті қолдау шегі орналасқанын ескерсек, доллар сатып алуды жоспарлап, қолайлы сәтті күткендер үшін бұл АҚШ валютасын биыл сатып алуға ең жақсы мүмкіндіктердің бірі болуы мүмкін», – делінген.

Орта мерзімді кезеңде компания мына компаниялардың акцияларын сатып алуға кеңес береді

  • Air Astana
  • Halyk Bank (жергілікті мақсатты баға – 420 теңге)
  • KEGOC
  • Kaspi.kz (жергілікті мақсатты баға – 44 500 теңге)
  • ҚазТрансОйл
  • Solidcore Resources (жергілікті мақсатты баға – 8,1 доллар)

Брокер сондай-ақ келесі компаниялардың акцияларын ұстап тұруды ұсынады:

  • ЦентрКредит банкі (жергілікті мақсатты баға – 5 200 теңге)
  • ҚазМұнайГаз
  • Қазатомөнеркәсіп (жергілікті мақсатты баға – 44 000 теңге)
  • Қазақтелеком

Ал Kcell акцияларын сатуды ұсынады.