2024 жылғы 30 сәуірде өткен «Қазақтелеком» акционерлерінің жалпы жиналысында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС байланыс операторы туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
«Қазақтелеком» акционерлерінен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС байланыс операторының 100% акциясын Катар холдингі Power International Holding-ке немесе оның 100% холдингке тиесілі еншілес ұйымына сатуға дауыс беру ұсынылды.
«Нәтижесінде бұл шешімді қолдап 8 миллион 655 мың 586 дауыс, қарсы 6 мың 632 дауыс берілсе, 995 мың 772 дауыс қалыс қалды», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Қазақтелекомның «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/ALTEL брендтері) байланыс операторын 2024 жылы сатпақшы екені хабарланған болатын.