Қазақстандықтар Apple мен Tesla акцияларын көптеп алып жатыр

06-10 желтоқсан аралығында "KASE Global" секторында акциялармен сауда-саттық көлемі 3 619,3 млн теңгені ($8 304,1 мың) құрады.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 06-10 желтоқсанында "KASE Global" секторындағы акциялармен сауда-саттық нәтижелерін ұсынады.

Аталған кезеңде "KASE Global" секторында жалпы сомасы 3 619,3 млн теңге немесе $8 304,1 мың АҚШ долларына шетелдік компаниялардың 52 771 акциясымен 946 мәміле жасалды.

Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:

- US0378331005 (AAPL_KZ) Apple Inc. – жалпы сомасы 2 759,1 млн тенге немесе $6 325,9 мың болатын 109 мәміле;

- Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) – жалпы сомасы 412,3 млн тенге немесе  $949,3 42 мың болатын 42 мәміле;

- Tesla, Inc. US88160R1014 (TSLA_KZ) – жалпы сомасы 68,9 млн тенге или $158,5 мың болатын 28 мәміле.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 25 акциясымен, 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап тағы 12 бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылды.

Бастапқы кезеңде осы секторда сауда-саттық үшін америкалық алаңдарда листингтен өткен және KASE ресми тізіміне енгізілген шетелдік акциялар қолжетімді, сауда-саттық Нұр-сұлтан қ.уақытымен 11:20-дан 22:00-ге дейін Т+2 шарттарында өткізіледі. Бағалы қағаздарға баға белгілеу валютасы –АҚШ доллары.