Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 11-13 мамырына дейін "KASE Global" секторындағы акциялар сауда-саттығының нәтижелерін ұсынады.
Аталған кезеңде "KASE Global" секторында шетелдік компаниялардың 80 513 акциясымен жалпы сомасы 367 млрд теңгеге 378 мәміле жасалды.
Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:
- NL0000235190 (AIR_KZ) Airbus SE – жалпы сомасы 3 573,7 млн теңгеге 7 мәміле;
- US0605051046 (BAC_KZ) Bank of America Corporation – жалпы сомасы 19,2 теңгеге 45 мәміле;
- US67066G1040 (NVDA_KZ) NVIDIA Corp. – жалпы сомасы 18,2 млн теңгеге 29 мәміле;
Инвесторлардың негізгі санаттарының арасында брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне акциялармен жасалған мәмілелердің жиынтық көлемінің 49,2% – ы, өзге заңды тұлғалардың үлесіне 48,7% - ы, жеке тұлғалардың үлесі 1,4% - ды, сақтандыру ұйымдарының үлесіне 0,7% - ды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 44 бағалы қағаздарының сауда-саттығы ашылған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 13 мамырдан бастап "KASE Global" секторына Ca13321l1085 (CJJ_KZ) Cameco Corporation жай акциялары енгізілді.