АХҚО Tech Hub «Қазақстандағы финтех стартап нарығын зерттеу» тақырыбындағы есебін дайындады. 

АХҚО Tech Hub Қазақстандағы финтех стартап нарығына зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында нарық жағдайы, тартылған инвестициялар және нарық қатысушылармен байланыс туралы мәліметтер жиналып, сауалнама жүргізілді. Деректерге сүйене отырып, Қазақстандағы финтех стартаптаршылар осы салада қызмет ететін мамандардың бейнесі жасалды. Сонымен қатар стартаптаршылардың өз бизнесін дамытуда кездесетін мәселелері анықталды, кәсіпкерлердің қаржы институттарымен қарым-қатынасы талданды.

Зерттеуге сәйкес, қазақстандық орташа финтех стартап бір-үш жыл бұрын іске қосылған. Стартаптардың үштен бірі прототип пен алғашқы сатылым сатысында, компаниялардың 40%-ы кірістің өсу сатысында, компаниялардың 16%-ы жаңа нарыққа шығуда. Жобалардың 9%-ы алғашқы сатыда.

Стартаптар – бұл жастар мен кешегі студенттердің жобалары деген стереотип болса да, шын мәнінде зерттеулер көрсеткендей, негізін қалаушылардың орташа жасы 25 пен 40 жас аралығында. Әдетте, стартап қалаушының ІТ немесе бизнес әкімшілікте технология бойынша жоғары білімі бар. 18-25 жас аралығындағы қалаушылардың үлесі тек 11%-ды құрайды.

Стартап негізін қалаушылардың көпшілігі Нұр-Сұлтан және Алматыдан шыққан. Көбіне ер адамдар өздерінің жеке жобасын бастауға ынталы түрде бел буады. Жаңадан бастаушылардың арасында әйелдер саны өте аз, тек 18%-ды құрайды.

https://fintech.aifc.kz/reports/ сілтемесін өтіп, финтехтегі танымал бағыттары мен зерттеудің 15 болашағы бар стартаптары туралы толығырақ оқуға болады.

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы конституциялық заңға 2015 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылған. АХҚО мақсаты - халықаралық қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның мақсаты - ел экономикасына инвестиция тартуға көмектесу, қаржылық қызметтерге инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциясын қамтамасыз ету. www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub - бұл жаһандық стартаптар, кәсіпкерлер, корпорациялар, инвесторлар, жетекші салалық сарапшылар мен мамандардың кездесу орны. АХҚО-да финтехтің дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен финтех саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттегішті қамтиды. https://www.fintech.aifc.kz/