AIX Qazaq Index индексінің негізінде биржалық ноталардың екі түрі АІХ-те листингтелді.
"Tabys қосымшасында жаңа өнім – Қазақстандық компанияларының акциялары (QZP) және Басқарудағы қазақстандық компанияларының акциялары (QZA)! AIX Qazaq индексін бақылайтын биржалық нотасына инвестициялаңыздар. Бұл индекс Kaspi, Halyk Bank, Kazatomprom, Polymetal, Central Asia Metal, KazTransOil, Kazakhtelecom, Bank CenterCredit сияқты компанияларының бағалы қағаздарынан тұрады", деп хабарлайды AIX.
Astana International Exchange (AIX) «Halyk Finance» АҚ-пен білесіп AIX Qazaq Index (AIXQI) индексімен байланыстырылған биржалық ноталардың («ETN», «Ноталар») екі түрі листингтелетінін хабарлайды:
- AIX Qazaq Index (QZP) – AIXQI индексімен анықталатын пропорцияларда қазақстандық акцияларға өз аз активтерінің барлығын дерлік инвестиялайтын пассивті инвестициялық тәсілді биржалық нота;
- AIX Qazaq Index Active (QZA) – AIXQI индексіне, сонымен қатар АІХ-те листингтелген басқа да бағалы қағаздарға енгізілген бағалы қағаздарға қаражатын салатын инвестициялық менеджердің белсенді басқаруы есебінен AIXQI индексінен озуды көздейтін, белсенді басқарылатын инвестициялау құралы.
Ноталардың екі түрі үшін де инвестициялық менеджер Halyk Finance болады, ол инвестицияларды басқаруға өзінің танылған тәжірибесін әкеледі және өзінің кең клиенттік базасының арасында ETN-дарды ілгерілетеді.
«Қазақстандық капитал нарығын дамыту міндеттемемізді ескере отырып, бұл екі биржалық нотаны іске қосу жаңа кезеңді бастайды – енді қазақстандық анағұрлым өтімді акцияларға оңай инвестициялауға болады. Қазақстандық танылған Halyk Finance инвестициялық компаниясы жүзеге асыратын инвестициялық басқарудың арқасында, барлық жергілікті және шетелдік инвесторлар бұл бірегей инвестициялық мүмкіндіктерді қазақстандық экономикамен қоса өз капиталынның өсуін қамтамасыз ету үшін пайдалана алады», дейді АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров.
«Біз AIX Qazaq Index индексіне байланыстырылған алғашқы құралдарды нарыққа шығару бастамасының бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл екі ETN-ды іске қосу инвесторлар үшін қазақстандық акция нарығына салудың қосымша тиімді тәсілдерін жасап қана қоймайды, сонымен қатар осы нарыққа қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді, ал бұл екіншілікті нарықта үлестік құралдардың өтімділігін арттырады», дейді Halyk Finance басқармасының төрағасы Фархад Охонов.
ETN-дардың екеуі де инвесторлар үшін Tabys мобильді қосымшасында қолжетімді.