Қазақстандық Cerebra стартапы кәсіпкер Тимур Турловтан 1 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартты. Cerebra инсультты жылдам диагностикалау үшін жасанды интеллект бағдарламасын дамытуда. Стартап қызметі қазірдің өзінде Қазақстанның 8 ауруханасында пилоттық режимде қолданылуда және бағдарламаны елдің барлық инсульт орталықтарында орнату жоспарланып отыр.
«3-5 жыл ішінде әлемде жасанды интеллект негізінде әмбебап және автоматтандырылған медициналық жүйелер жасалады, бұл патологиялардың және олардың белгілерінің алуан түрлілігін жоғары дәлдікпен диагностикалауға мүмкіндік береді, бұл дәрігерлер үшін қазіргі таңда қол жетімді емес. Бұл жүйелер негізінде тар бағытталған бағдарламалық өнімдер мен қызметтер болады. Біз инсульттің диагностикалық шешімін ғаламдық сараптамаларға қосу арқылы осы процеске өз үлесімізді қосқымыз келеді. Тимур Турловтың қаржыландырудың SEED-раундының сәтті жабылуы әлемдік бәсекелестермен күрестегі мүмкіндігімізді теңестіреді және бізге Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс шығуға мүмкіндік береді », - деп Cerebra басшысы Досжан Жүсіпов мәлімдеді.
Cerebra – бұл АХҚО және Астана Хаб резиденті, сонымен қатар Kazakhstan Digital Accelerator 2020 финаслисті болып Сингапурлық Quest Ventures-тен 50 мың АҚШ доллар ерте инвестиция тартқан. Бұған дейін жоба Сәби қорының 2019-2020 «Өз бизнесіңді құр» конкурсында 1 орын алған болатын. Cerebra қазақстандық және шетелдік стартаптардың рейтингінде, соның ішінде Астана Хаб рейтингіне сәйкес TOP-10 үздік стартап ең жоғары орындарға ие, сонымен қатар Irbis Ventures рейтингі бойынша Орталық Азиядағы ТОП 10 ең перспективалы стартаптар қатарында.
Бұл инвестициялық келісімшарт АХҚО-ның Финтех хабының венчур нарығын дамыту бөлімінің қолдауымен АХҚО юрисдикциясында құрылымдалатын болады.