Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанның сыртқы борышы жыл басында 156,8 млрд АҚШ долларына теңесті.
Соның ішінде 12,4 млрд доллар мемлекеттік басқару органдарының, 0,9 млрд доллар Ұлттық банктің, 4,8 млрд доллар екінші деңгейлі банктердің қарызы болса, 97,3 млрд доллар фирмааралық берешек. Тағы 41,3 млрд доллар басқа секторларға тиесілі.
2019 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда сыртқы қарыз 800 млн долларға азайғанымен, кей секторлардың қарызы өскені байқалады.
Атап айтар болсақ, мемлекеттік басқару органдарының қарызы шамамен 408,8 млн долларға, фирмааралық берешек 1 млрд 127,1 млн долларға азайған.
Есесіне Ұлттық банктің қарызы 257,1 млн долларға, екінші деңгейлі банктердің қарызы 227,9 млн долларға және басқа секторлардың қарызы 252,9 млн долларға өскен.