Стандартты такси бағасының арзандығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 105 елдің ішінде 13-орында. ҚР-дағы 1 км стандартты тариф 0,35 АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды energyprom.kz.

ТМД елдері арасында Қазақстандағы тариф  ең жоғарылардың бірі. Әзірбайжанда ғана баға Қазақстаннан жоғары (1 км-ға 0,59 АҚШ доллары). Салыстыру үшін: Беларусь пен Өзбекстанда тариф 0,2 доллар, Украина* мен Молдовада – 0,22 доллар, Арменияда – 0,25 доллар, Ресейде – 0,3 доллар.

Ең арзан такси Пәкістанда (0,19 доллар), ең қымбаты Швейцарияда (4,02 доллар), Кувейтте (3,25 доллар) және Сальвадорда (3 доллар).

Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 2,45 млрд теңгеден 2,59 млрд теңгеге жетті.

Ең жоғары көрсеткіш Қарағанды ​​облысында (1,08 млрд теңге), одан кейін елордада (641,4 млн теңге) және Алматыда (431,2 млн теңге) тіркелді.

Жыл басынан бері 1,3 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды, бұл былтырғыдан 10,9% көп. Шілдеде 185,6 млн жолаушы такси қызметін пайдаланды. Көрсеткіш былтырғы шілдеден 1,7% көп.

Биылғы жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, ҚР-да былтырдан бері такси бағасы 10,5% қымбаттады.

Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында өсті: былтырғыдан 28,2% артық. Екінші және үшінші орында Алматы және Атырау облыстары иеленді: тиісінше 28,1% және 19%.

Ең аз жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: бар болғаны 0,5%. Тағы екі облыста – Ақтөбе мен Қарағандыда баға былтырғы деңгейде қалды.