Экономикалық дағдарысқа қарамастан соңғы бір жылда Қазақстандағы банктер айтарлықтай өсті. Қазан айының соңында қазақстандық екінші деңгейлі банктерлің активы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 19,2% ұлғайып 36 трлн теңгеге жетті.
Сонымен қатар жеке тұлғалардың депозиттері де өсіп келе жатыр. Қарашада жеке тұлғалардың депозиті былтырғы қарашамен салыстырғанда 20,6% өсіп 12,6 трлн теңгеге жетті.
Жеке тұлғалардың депозитінің өсіп жатқанының бір себебі банктердің кредиттік рейтингі. Moody’s, Standard & Poor’s и Fitch Ratings агенттіктерінің бағалауынша елдегі ең сенімді банктердің көш басында Отбасы банкі (Baa2) мен Halyk Bank (Baa2).
Бұл екеуінен бөлек үздік бестікте Сбербанк, Kaspi Bank пен Альфа-Банк бар.
Жалпы, биыл ешқандай банктің кредиттік рейтингі төмендемеді. Көпшілігінде рейтинг жоғарыласа, кейбірінде өзгеріссіз қалды.